Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде Алматыдағы жер сілкінісі туралы жалған ақпарат таратқан 1995 және 2006 жылы туған екі күдікті анықталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото видеодан алынған
Бұл туралы Алматы қалалық прокуратурасының баспасөз қызметі мәлімдеді.
«Аталған тұлғалар әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің «интернет-платформаларды пайдаланушылардың қоғамдық тәртіпті бұзуға жағдай туғызатын жалған мәліметтерді жариялауы, таратуы» бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынды. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда», – делінген прокуратура хабарламасында.
Еске салсақ, бұған дейін Алматыдағы жер сілкінісінен кейін әлеуметтік желіде «қатты жер сілкінісі қайта болады, қаладан шығып қашыңыздар» деп жалған ақпарат таратқан әйелдің анықталғаны туралы жазған едік.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!