Тауға шығудан бас тартқан дұрыс.

Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері қала тұрғындары мен қонақтарына таяу күндері көшкін қауіпіне байланысты тауға шықпауға кеңес береді, – деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

«ТЖД көшкін қаупі туралы № 5 дауылды ескерту негізінде: 5-7 наурыз аралығында Үлкен және Кіші Алматы өзендерінің бассейндерінде қар көшкіні болуы мүмкін.

Осыған байланысты қар көшкінін туғызбау үшін қар басқан беткейлерге шығу ұсынылмайды, тауға шығудан бас тартқан дұрыс», – деді ТЖД баспасөз қызметінің өкілдері.

Бұл күндері дауыл туралы ескерту жарияланды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!