Каспий теңізінің жағалауынан өлі құстарды режиссер Қанат Майлыбаев байқап қалған, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Майлыбаевтың айтуынша, құстардың өлексесі табылған жерге адамдар сирек баратын көрінеді: маңайда тұрғын үйлер жоқ, ал су деңгейі едәуір төмендеп кеткендіктен, жағалауға жету қиындаған.

«Бәлкім, ол жерге ешкім бармайтын шығар – жақын маңда үйлер жоқ. Мен бірде-бір адамды кездестірмедім. Оның үстіне, су қатты тартылып кеткен, мүмкін, сондықтан адамдар ол жаққа бармайтын болар», – деді Қанат Майлыбаев.

Ол жануарлардың қырылу мәселесіне Қазақстанда ғана емес, Каспий маңы елдерінде де назар аударту үшін деректі фильм түсіруді жоспарлап отыр.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!