Қызылорда облысында құрбандық шалынып, Арал теңізін жандандыру үшін ұжымдық дұға оқылды. Бұқаралық рәсімге 500-ге жуық адам қатысты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Тұран Ойпаты – Арал теңізі» ҚБ, «Байтақ» экопартиясы, сондай-ақ Арал теңізі проблемасына бейжай қарамайтын адамдар ұйымдастырушы болды.

«Арал теңізіне су қайта ма?» атты экомарафон-2022-ге қатысу үшін ауданға отандық және шетелдік ғалымдар, экологтар, облыс белсенділері, журналистер, жергілікті тұрғындар келді. Арал теңізі проблемаларын талқылағаннан кейін «тасаттық» рәсімі өтті», – деді «Тұран Ойпаты – Арал теңізі» ҚБ қоғаммен байланыс жөніндегі қызметкері Көлбай Данабай.

«Тасаттық» – қазақтың ежелгі жаңбыр шақыру салты. 

«Құрбандық шалу рәсімінен кейін дұға оқылды, оған Орал тұрғындарынан басқа алыс шетелден келген қонақтар да қатысты. Содан кейін қатысушылар «тасаттық» дәстүрін жасады – теңіздің кепкен түбіне су шашты», – деді ол.

Еске салайық, бұған дейін Ақтауда жаппай жаңбыр шақыру рәсімі өткен болатын.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!