Астанада қамыс пен қураған шөптің өртенуінен шыққан ірі өртті сөндіру жалғасуда. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Оқиға орнына төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов келді. Өрт сөндіру бойынша штаб құрылды.

Өртті сөндіруге Астана қалалық төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамының 158 адамы мен 33 техникасы, сондай-ақ қалалық әкімдік пен «Астана орманы» мекемесінің техникалары жұмылдырылды. Сондай-ақ өрт сөндіруге Қорғаныс министрлігінің екі МИ-17 тікұшағы жұмылдырылды.

Тұрғын үйлер мен ормандарға қауіп төніп тұрған жоқ.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!