6 сәуір күні сағат 22.00-ден бастап 07 сәуір күнгі сағат 06.00-ге дейін «Ақмешіт», «Мерей» мөлтек аудандарының және Тубдиспансердің ауыз су жүйелеріне жуу, шаю және залалсыздандыру жұмыстары жүргізіледі.

Осыған байланысты «Ақмешіт», «Мерей» мөлтек аудандарында 2022 жылы 6 сәуір күні кешкі сағат 22.00-ден 07 сәуір күні түнгі сағат 03.00-ге дейін ауыз су беру уақытша тоқтатылады.

Ауыз суды пайдаланар алдында кранды ашып хлордың иісі толық кеткенше ауыз суды пайдаланбауды сұраймыз.
Ведомстволық мекемелерде 2022 жылы 07 сәуір күні сағат 06.00-ден бастап хлордың иісі толық жойылғанға дейін суды ағызуға жауапты кісілерді бекіту қажет.

Көпқабатты тұрғын үй пәтер иелерінің кооперативтері мен көпқабатты тұрғын үйлерге жауапты мекемелерін өжіре ішіндегі таратушы ауыз су құбырынан тазарту жұмыстарынан кейінгі құбыр ішіндегі шөгінді қалдықтар тазарғанша 10-15 минут ағызып жіберу ескертіледі.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!