Болжамға сәйкес, бірнеше өңірде жоғары өрт қаупі тіркеліп отыр.

Фото: atr.kz

Синоптиктер еліміздегі 2 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Қазгидромет» РМК мәліметіне сенсек, еліміздің басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады.

Еліміздің батысында, солтүстік-батысында ғана жауын-шашынсыз ауа райы болады деп болжанады. Республикамыз бойынша жел күшейіп, дауыл тұрады. Солтүстік өңірде түнде және таңертең тұман түседі, күндіз дауыл тұрады, бұршақ жауады деп болжанады, делінген хабарламада.

Сондай-ақ синоптиктер Алматы облысында күндіз +40+…42°С дейін өте қатты ыстық болады деп болжайды;Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Атырау, Жетісу, Абай, Маңғыстау, Павлодар, Ұлытау, Қостанай, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарында күндіз +35…+40°с дейін қатты ыстық болады деп күтіледі. Болжамға сәйкес, жоғары өрт қаупі мына өңірлерде тіркеліп отыр:Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстары, Батыс Қазақстанның оңтүстігі мен орталығында, Атырау облысының солтүстігінде;төтенше өрт қаупі – Маңғыстау, Түркістан, Алматы, Жамбыл, ШҚО,Қарағанды, Қызылорда, Ұлытау, Жетісу, Абай облыстары, Қостанай, Ақтөбе өңірлерінің оңтүстігінде, Атырау облысының батысы мен шығысында, Павлодар облысының оңтүстігі мен шығысында, Ақмола облысының оңтүстігі мен батысында. 

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!