15 шілде күні Қазақстанның көптеген қалаларында қолайлы метеорологиялық жағдай сақталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Қазгидромет» РМК мәліметінше, жұма күні еліміздегі қалалардың басым көпшілігінде атмосфералық ауа сапасы бірқалыпты болады.
Тек Нұр-Сұлтан, Алматы және Петропавл қалаларында ғана қолайсыз метеорологиялық жағдай көрініс табуы мүмкін.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!