Қоршаған ортаға зиян келтіргендерге айыппұл қарастырылған. Ауаға лас заттарды шектен тыс шығарған кәсіпорындар да жауапкершіліктен қаша алмайды, деп хабарлайды Аikyn.kz. 

Ауаға лас заттарды шектен тыс шығарған кәсіпорындар да жауапкершіліктен қаша алмайды. 2023 жылы экологиялық инспекторлар нысандарға 600-ден астам тексеру жүргізіп, 1500-ден астам бұзушылықты анықтаған. ал биылғы 8 айдың көрсеткіші де белгілі.

Жыл басынан бері 2 мыңға жуық бұзушылық тіркеліп, кәсіпорындардан 4 миллиард теңге өндірілді.

– Бұл әкімшілік айыппұлдар негізінен республика аумағында орналасқан ірі компанияларға салынған. Мұнай компаниялары, мұнай-газ өндіру, сонымен қатар түрлі кәсіпорындар. Осы кәсіпорындарға қатысты тексеру барысында анықталған заң бұзушылықтар бойынша әкімшілік айыппұлдар салынған. Бұл негізінен экологиялық рұқсатсыз жұмыс істеуге қатысты салынған айыппұлдар болып табылады. Әкімшілік айыппұл салудан басқа, бізде сот органдарына экорұқсатсыз жұмыс істеуіне байланысты кәсіпорынның қызметін тоқтату бойынша талап-арыз беруге құқылымыз, – деп мәлімдеді ҚР ЭТРМ комитеті басқармасының бас сарапшысы Қайсар Бектібаев.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!