Фото: pixabay.com
«Ертіс орманы» табиғи резерватында 2029 жылдың 1 қаңтарына дейін ағаш кесуге тыйым салынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Экология министрлігі орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің төрағасы «мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ағаш кесудің барлық түрлеріне тыйым салу туралы» бұйрыққа қол қойды.
«Осы бұйрық қолданысқа енгізілген күннен бастап 2029 жылғы 1 қаңтарға дейін «Ертіс орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі екпелерде орман кесудің барлық түрлеріне тыйым салынады», – делінген құжатта.
Құжатта бұйрықтың орындалуын Павлодар облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы қамтамасыз ететіні айтылған.
Бұйрық 2024 жылғы 27 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!