Францияның батысында магнитудасы 5,3-5,8 балдық жер сілкінісі болды. Салдарынан құтқарушылар Жаңа Аквитаниядағы шағын қалашықтардың бірінің тұрғындарын эвакуациялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Euronews басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Жер сілкінісінің эпицентрі Ньор мен Ля-Рошель қалаларының арасында орналасқан. Бірнеше адам жарақат алып, 1100-ге жуық үй жарықсыз қалды. Ал Ля-Лэнь қаласында тұратын 500-ден аса адам толық эвакуацияланды. 

Жер сілкінісінен үйлердің қабырғасы жарылып, кейбірінің шатыры құлаған. Соңғы рет магнитудасы 5 балдан жоғары жер сілкінісі елде 2019 жылы тіркелген екен. 

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!