Каспий теңізі суының тартылуына байланысты шұғыл түрде елеулі шаралар  қабылдануы керек. Бұл туралы Иранның саяси және халықаралық зерттеулер институтының ғылыми қызметкері, елші Мохсен Мохаммади айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Климаттың өзгеруі жаңа қауіп тудыруып отыр. Каспий теңізіндегі су деңгейінің төмендеуі байқалады. Егер маңызды шаралар қабылданбаса, ол Арал теңізінің қайғылы тағдырын қайталауы мүмкін», – деді ол.

Сонымен қатар сарапшы Иранның аймақтық сауда байланыстарын кеңейтуге әрқашан баса назар аударып келе жатқанын атап өтті.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!