Аралдың экологиялық ахуалы – бәрі таныс мәселе. Қазіргі таңда Арал теңізі бассейнінің су ресурстары Орталық Азия елдерініің экологиялық және әлеуметтік-экономикалық әл-ауқатының көрсеткішіне айналған. Бұл ресурстар аймақтағы елдердің ауыз су, азық-түлік, энергетикалық қауіпсіздік және экологиякелеңсіздіктерді шешуге бағытталатынын ескерсек, маңыз арта түседі.

Жалпы су ресурстарын қарқынды және жаппай пайдалану 1950-1960 жылдары басталды. Нәтижесінде аз уақытта әлемдегі 4-ші үлкен көл – Арал теңізініңтартылуына әкеліп, бұл олқылық планетарлық ауқымдағы климат, әлеуметтік-экономика,  гуманитарлық мәселелерді тудырды.

Осы қайғылы жағдайдың салдарынан халықтың өмір сүру деңгейі айтарлықтай нашарлады. Әсіресе, Арал теңізінің аймағында тұратын азаматтар көптеген қиындыққа тап болды. Жұмыссыздық белең алып, көші-қон көрсеткші артты. Мұндай тұрақсыз ахуал дамушы елдер үшін сын-қатерге айналғаны жасырын емес. Сондықтан климаттың өзгеруі қауіп-қатер факторы деп аталады.

Осы мақсатта Халықаралық «Арал теңізін құтқару» қорыСу ресурстары және қоршаған орта жөніндегі ЮСАЙД аймақтық жобасымен бірлесіп Сырдария өзені бассейнінің учаскелері мен объектілеріне экспедиция ұйымдастырды. ЭкспедицияғаҚырғызстан, Өзбекстан, Түркіменстан, Тәжікстан елдерінен жас ғалым, журналис, эколог және энергетиктер қатысып, эколгиялық мәселе төңірегінде толыққанды ақпарат алуға жол ашылды. Аталған сапар Сырдария өзені бассейні ағынының қалыптасу аймағы, яғни өзендердің бастауынан мәселенің түп төркіні – Арал теңізінде қорытындыланды.

Экспедиция мәресіне жетті

12 күнге созылған сапар барысында экспедиция мүшелері төрт мыңға жуық шақырым жүріп өткен. Жас ғалымдар алғашқы бақылау жұмысын Қырғызстан Республикасындағы Тоқтағұл және Қамбар Ата СЭС-терінен бастап, су ресурсының бастау көзі мен қазіргі ахуалымен танысты.

– Экспедиция барысында түсінгенім, бізге жаңалық ойлап табудың керегі шамалы. Алдыңғы буын ғалымдардың жұмыстарымен толық танысып, ұсынған қағидаларды қаперге алсақ, меселені шешуге біртабан жақындаймыз. Себебі олар су ресурсын егжей-тегжейлі зерттеп, негізгі тетіктерді айқындап кеткен еді, – дейді қырғызcтандық жас ғалым Ақылай Мамбетова.

Келесі аялдама – Өзбекстан Республикасындағы Үлкен Ферғана және Солтүстік Ферғана каналдары мен Фархад СЭС-і. Аталған аймақта экспедиция қатысушылары жергілікті кәсіп түрлерінің экологиялық ахуалға әсері, мемлекеттік су саясатының бағыт-бағдарын көрді.

– Алдағы уақытта Орталық Азия мемлекеттерінің жас ғалымдары,  оның ішінде экологтар мен сушаруашылығы мамандары бірлесе жұмыс істеу керектігі байқалады. Су шаруашылығын ретке келтіру үшін экономикалық шешімдерді де қайта қарау маңызды. Себебі кей елде су ресурсын тиімді пайдалану әдісі әлі кенже қалып келеді. Сондай-ақ, сушаруашылығының дамуына көңіл бөліп, электронды бағдарламаларды енгізудің де көмегі мол, – дейдіҚазақстан Республикасының ХАҚҚ Атқарушы комитетіндегі уәкілетті өкілі Бекмағанбетов Серік.

Экспедиция мәресіне жетті

Халықаралық деңгейдегі сапар Тәжікстан Республикасында жалғасты.ү Экспедиция мүшелері Тәжікстанның Ходжа-Бақырған станциясы, Бахри Точик су қоймасы мен Қайрақұм СЭС-інде болып, су ресурсының жұмсалу жобасын бақылады.

Айта кетейік, Орталық Азиядағы су көздерінің көбісі Қырғызстан мен Тәжікстан республикаларының аумағында орналасқан. Осы қос елдің өлкесінен бастау алатын өзендердің суымен Түрікменстан, Өзбекстан және Қазақстанның егістіктері суарылады. Тіпті  Арал теңізіне келіп құятын су да осы өңірлерден бастау алады. Сапар барысында байқағанымыз, теңіз маңындағы су және жер ресурстарына зиян келіп, экожүйенің құрамы мен төзімділігі бұзылған. Сондай-ақ қоршаған ортаның экоқұндылығы да азаюда. Соның салдарынан қоршаған ортаның улануы күрт артып отыр.

–Экспедиция өте жоғары деңгейде өтті. Көрші елдердің ғалымдарымен қызу пікір алмастық. Тәжірибемен бөлістік. Мұндай экспедиция жас мамандарға кәсіби өсу көзіне айналады. Оған қоса әріптестік байланыс орнатып, көпжақты ұсынысты талқылауға таптырмас мүмкіндік, – дейді Сырдария сушаруашылығы бірлестігінің өкілі Мереке Иманғалиев.

Экспедиция мәресіне жетті

Экспедиция соңы Қазақстанда түйінделді. Мұнда қонақтар Шардара су қоймасы, Көксарай су реттігіші, Күннен энергия алатын станция жұмысымен танысып, саланың даму бағытына кәу болды. Сонымен қатар Шиелі ауданынажа орналасқан үрмелі бөгет, Қызылордадағы су торабы, Қамыстыбас тұзды көліне де сапарлауға мүмкіндік алды.

«Арал теңізін құтқару қорының базасына, Ақлақ су торабына, Қаратерең, Көкарал бөгеті, Қаратерең,Арал теңізінің табаны бағыттары бойынша  жүріп өткен. Ұйымдастырылған экспедиция бұл жолы Сырдария өзенінің бойында орналасқан су қоймалары мен су электр станцияларын басты назарға алған.

Экспедиция мәресіне жетті

– Арал теңізінің су деңгейі қайта қалыпқа келуі екіталай.  Оған салмақты себеп те жоқ емес. Мысалы, Орта Азиядағы халық санының жылдан-жылға өсуі, климат өзгерісінің әсері жағдайдың болашақ кейіпін айқындап берді. Сондықтан Арал теңізінің тартылуын «мәселе» есебінде қарауды тоқтатып, туристік аймақ ретінде дамытуға күшсалған жөн. Яғни, теңіз табанына туристерді тарту бағытында жұмыс істеу қажет, – дейді  Су ресурстар департаментінің жетекшісі Марат Нарбаев.

Орта Азия  елдері үшін бұл шақырулардың қоршаған ортаға, халықтың денсаулығы мен өміріне, сондай-ақ экономикаға зиянды әсерін азайту маңызды міндет болып табылады.

 Арал теңізінің проблемасы әлі күнге дейін шешімі табылмаған күрделі мәселелердің бірі болып тұр. Тіпті, барша әлемді алаңдатқан теңізді сақтап қалу мақсатында көптеген ұйымдар құрылып, мемлекеттер де белсене ат салысып жатыр. Алдағы уақытта теңіздің маңында  тұратын халықтың жағдайын жақсартумен қоса, оның флора мен фаунасына да жан бітіру қажет. Егер осы теңізді қалпына келтіретін болсақ, болашақта еліміздің ең көрікті әрі әсем аймақтарының бірі болар еді.

Сонымен қоса, бұл өңір көптеген шетелдік туристер мен ел жұртының демалыс орындарына айналуы әбден мүмкін. Қазіргі барша қазақстандықтардың басты армандарының бірі – Арал теңізін қалпына келтіріп, оның айналасындағы тіршілікті жандандырып, ұрпақтан-ұрпаққа аманат етіп қалдыру. Әрине, үміт мәңгі өшпейді.

Экспедиция мәресіне жетті

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!