Фото: ашық дереккөзден

Каспий теңізін әуеден түсірілген видеосы көпшілікті алаңдатып қойды. Онда теңіздің біршама тартылғанын көруге болады, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Теңіздің видеосы блогер Нұркен Тәжібай өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады. Кадрларда жағалау сызығы бұрын су болған жерден қалай алыстап кеткені көрсетілген.

«Теңізіміз алысқа кетіп қалыпты былтырға қарағанда. Каспий тез таяздап барады», – деп жазды блогер.

Видеоға алаңдаушылық білдірген желі қолданушылары түрлі пікір жазып жатыр.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!