16 тамызда «Мөлдір әлем» жобасының экологтары Каспий теңізінен ластаушы дақты анықтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Дақтың аумағы – 82 шаршы шақырым.

«Каспийдегі мөлдір әлем» жобасының қатысушылары Sentinel-1A радиолокациялық фотосында үлкен фрагменттік дақ тіркелгенін айтты. Жобаға қатысушылардың айтуынша, ол мұнай немесе балық аулау қалдықтарынан тұруы мүмкін. 

каспийдегі дақ

Фото: twoworldkasp

Ол Қазақстан және Әзірбайжан секторларын қамтитын Құрық портынан Бакуге дейінгі кеме қатынасы бойымен созылып жатыр.

«Бұл енді судағы кездейсоқ «лас дақ» емес, Каспий картасындағы тұтас қара белгі», – деп хабарлады Transparent World.

Олар мұндай шығарындылар жалғаса берсе, теңіздің жағдайы құриды деп алаңдайды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!