Маңғыстау облысындағы Баутин ауылының тұрғындары Каспий теңізінің жағалауынан итбалықтың өлексесін тауып алды. Оқиға орнына мән-жайды анықтау үшін мамандар жетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Маңғыстау облыстық балық шаруашылығы басқармасының жануарлар дүниесін қорғау қызметінің мамандары оқиғаны зерттей келе, 10 шілде күні Ақшұқыр аумағындағы Каспий маңындағы ауданда өлі итбалық табылғанын растады. Мұны Маңғыстау облысы Түпқараған ауданының полиция бөлімі тіркеген.

«Орталық мамандары Балық шаруашылығы комитетімен бірлесіп Каспий теңізінің өзге аймақтарын да зерттеп жатыр. Анықталған итбалықтан зертханаға жіберу үшін сынама алу мүмкін болмады», – деп мәлімдеді мамандар.

Итбалық табылған жерден су мен топырақтан сынамалар алынды.

Балық шаруашылығы комитетінің хабарлауынша, итбалықтың өлексесі экологиялық талаптарға сәйкес Ақшұқыр ауылындағы полигонда жою үшін коммуналдық қызметке тапсырылған.

Қазіргі таңда мемлекеттік инспекторлар мониторинг жүргізіп жатыр.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!