Sn.kz. Каспий теңізінің Дағыстан жағалауында 500-ге жуық итбалықтың өлексесі табылды. Алғашқы деректерді жергілікті тұрғындар 1 желтоқсанда байқаған.
Қазір мамандар оқиғаның нақты себептерін анықтап жатыр. Дагыстанның табиғат министрлігі Махачкала, Қарабұтақкент, Қаякент және Дербент аудандарының жағалауынан жалпы 484 итбалықтың өлі денесі жиналғанын растады.
Ал алдын ала болжам бойынша, қырылу көлемі 500 басқа дейін жетуі мүмкін. Еске сала кетейік, 2025 жылғы қарашада да Маңғыстау облысында Каспий жағалауынан 112 итбалықтың өлексесі табылған еді. Мамандар теңіздегі жағдайға байланысты қосымша зертханалық талдаулар жүргізіп жатыр.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!
