Өмір дейтен өгей бір жүздік көлде…
Талдар бүршік жарғанша тынымым жоқ,
Мынау көктем қай көктем?
Біз күткен бе?
Бейнең дауыл еді ғой, елесің жел,
Жыл құстары-ау, қай таңда келесіңдер?
“Көктем келді!” деп бүгін жар салсам ба,
Неге мені күттіре бересіңдер?
Мынау сезім қай сезім?
Біз күткен бе?
Гүлдер құлай өсетін қыз біткенге.
Сүйіп тұрып бақытты болайықшы ей!
Үміт қуып, не таптық үздіккенде..?
Құс боп келгін сен маған!
Ән боп келгін!
Әнсіз, құссыз қаншама таңды өткердім?..
Таңның бәрі күрсініп оянғанмен,
Тағдырлары әр түрлі әр көктемнің.
Көктем ғой бұл біз күткен!
Сенем соған.
Көбелегім қайда жүр мен аңсаған?
Алдарыңнан шығайын алақайлап,
Жыл құстарым о менің,
Оралшы аман!
Жамбыл БАҚЫТӘЛІ

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!