Көңіл күйіңіз ауа райына да, айналаңыздағы адамдардың сізге деген қатынасына да тәуелді болмас үшін төмендегі азық-түлік тізімін жаттап алыңыз. Олар қысқа уақыттың ішінде тамаша көңіл күйді қайтаруға көмектеседі.
Дәмдеуіштер
Жұпар жаңғағы, жасыл кардамон, даршын — негізгі қыздырушы және қуантушы дәмдеуіштер. Дәмдеуіштердің құр өзін жеуге болмайды. Сондықтан олардан коктейль дайындауға болады. Себебі олардан дайындалған сусындар жағымды жайлы атфосфера сыйлайды: ауыр жұмыс күнінен соң босаңсып, күйзелісті басуға болады. Тәтті дәмдеуіштердің иісі біздің жүйке жүйемізге жағымды әсер етеді. Бұл өздігінше ароматерапияға жатады. Алайда көп мөлшердегі дәмдеуіштер аллергия беруі мүмкін, сондықтан оларды көп қолдану ұсынылмайды. Егер арнайы коктейль дайындағыңыз келмесе, хош иісті дәмдеуішті шөптер шайына немесе жылы сүтке салып ішуге де болады.
Бал
Көңіл күй болмаған кезде көпшілік тәтті пісірмелер жегісі келеді. Бірақ олар жақсы көңіл күй сыйламайды. Себебі олардың құрамында қант көп мөлшерде болатындықтан, олар керісінше, шаршатады. Тәтті пісірмелердің орнына қара шоколад немесе бал жеуге болады. Бал құрамындағы химиялық элементтердің арқасында көңіл күйдің көтерілуіне ықпал етеді.
Теңіз қырыққабаты
Жақсы көңіл күйге В дәрумені де жауап береді. Теңіз қырыққабытының осы дәруменге бай екенін білеміз. Ол бүйрек безінің жұмысын реттейді, сәйкесінше, адреналин гормонының жұмысы да қалыпқа келеді. Ағзаға адреналин гормоны жетіспесе, ол созылмалы шаршаңқылықты шақырады. Мамандар консервіленген теңіз қырыққабатынан бас тартуды ұсынады. Оның орнына одан жаңа дайындалған салат жеген дұрыс.
Банан
Банан — тәтті пісірмелер мен торттарды ауыстыра алатын тағы бір балама. Ол да теңіз қырыққабаты секілді В дәруменіне және серотонинге бай. Созылмалы шаршаңқылық кезінде де банан жеген пайдалы. Ол ұзаққа дейін сергектік пен энергия сыйлайды. Бірақ банан калориялы өнімге жатады, сондықтан оны мөлшермен жеуді ұмытпаңыз.
Жұмыртқа
Жұмыртқаның құрамында майлы қышқылдар мен А, Е, D дәрумендері, триптофан мен В тобының дәрумендері бар. Жұмыртқа да көңіл күйдің жақсаруына ықпал етеді. Сондықтан түрлі-түсті көкөністер қосылған омлет жасап жеуге болады.
Сұлы жармасы
Сұлы жармасынан дайындалған ботқаның жүйке жүйесінің жалпы жағдайына жағымды әсер ететін қасиеті бар. Зерттеулер бойынша, сұлы жармасында триптофан аминқышылы бар. Бұл аминқышқылдың ағзаға сіңуі кезінде ол «бақыт гормоны» серотонинді түзеді.
Балық
Балық құрамындағы нашар көңіл күймен «күресетін» басты зат — ол омега-3. Алайда балықты көңіл күйді көтеру мақсатында жейтін болсаңыз, оның тұзды болуын ескеріңіз. Құрамында тұзы және ащы дәмдеуіштері бар тағам көңіл күйді көтереді. Бірақ тұзды тағамды көп жеу ағзаға зиян. Егер тұзды тағам жегенді жақсы көрмейтін адамдар қатарына жатсаңыз, майлы балықтарға мән беріңіз. Себебі олар В дәруменіне бай.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!