Фото: ТЖМ

Шымкенттегі индустриалды аймақта болған алапат өрттен кейін ауаға тараған күкірттің қос тотығы шамадан 100-120 еседей артқан, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі.

Адам денсаулығына зиянды химиялық элемент желдің жан-жақтан соғуы салдарынан қаланың бірнеше аумағына жайылып кеткен. Ыстың иісі, әсіресе, Шаңырақ, Бадам, Бадам-1 шағын аудандарында қатты сезілген көрінеді. Соған байланысты 2 мыңнан астам адам эвакуацияланып, 10 тұрғын зардап шекті. Ал, оқиғаға қатысты прокуратура қылмыстық іс қозғап, тергеуді бастап кетті.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!