Қазгидромет 2022 жылдың мамыр айындағы құрғақшылықтың болжамына анықтама берді.
Соңғы деректерді ескере отырып, 2022 жылдың мамыр айындағы құрғақшылықтың болжамы түзетілді. Қазақстан аумағының басым бөлігінде мамыр бойы ылғалдану жағдайлары нормаға жақын болады – делінген хабарламада.
Ақмола облысы Степногорск қаласының маңында;
Солтүстік Қазақстан облысы, М. Жұмабаев атындағы ауданда;
Қызылорда облысы, Арал ауданында;
Ақтөбе облысының Әйтеке би және Хромтау аудандарында орташа деңгейде құрғақшылық болады.
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданында;
Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданында құрғақшылық қатты білінеді.
Ал қалған жерлерде – негізінен Батыс Қазақстан және Атырау облыстарында, сондай-ақ Жамбыл облысының оңтүстігінде және Түркістан облысының Созақ ауданында. Солтүстік Қазақстан облысы, Ғ. Мүсірепов атындағы, сондай-ақ Тимирязев және Тайынша аудандарында; Ақтөбе облысы — Ырғыз және Ойыл аудандарында; Алматы облысы — Еңбекшіқазақ және Іле аудандарында; Шығыс Қазақстан облысы — Шемонаиха және Үржар аудандарында жағдай қалыпты болады.
Естеріңізге сала кетсек, Қазгидромет барлық болжамдарды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігіне тұрақты түрде ұсынып отырады.
Фото: дереккөз
Мәтін: BAQ.kz
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!