«Қазгидромет» РМК мәліметінше, 2025 жылғы мамыр айында елдің бірнеше өңірінде қуаңшылық болуы мүмкін, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Қуаңшылық болуы мүмкін өңірлер:
- Қостанай облысы – Амангелді, Жангелдин аудандары, Арқалық қаласының маңы;
- Батыс Қазақстан облысы – Теректі, Қазталов, Жәнібек, Жаңақала, Ақжайық, Бөкей ордасы аудандары;
- Атырау облысы – Құрманғазы ауданы;
- Маңғыстау облысы – Бейнеу, Маңғыстау, Қарақия аудандары;
- Қарағанды облысы – Ақтоғай, Шет аудандары;
- Абай облысы – Аягөз ауданы;
- Алматы облысы – Балқаш ауданы;
- Жамбыл облысы – Мойынқұм ауданы;
- Түркістан облысы – Созақ ауданы;
- Қызылорда облысы – Арал, Қазалы, Қармақшы аудандары.
Ақтөбе облысында (Қобда ауданы мен Ақтөбе қаласының маңы) ылғал орташа деңгейде болады. Ал еліміздің басқа өңірлерінде ылғалдылық деңгейі қалыпты болады деп болжанып отыр.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!