«Қазгидромет» 28 тамызға арналған Қазақстан аумағы бойынша синоптикалық жағдай мен табиғаттың қауіпті құбылыстарының болжамын жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ауа райы болжамына сәйкес, еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады.

«Қазақстан Республикасының басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен тұрақсыз ауа райы сақталады, найзағай ойнап, жаңбыр жауады, екпінді жел соғады, бұршақ жаууы мүмкін.  ҚР-ның батысында, солтүстігінде, солтүстік-батысында, орталығында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр күтіледі, Алматы облысының таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар жауады) күтіледі. Қазақстанның солтүстігінде, солтүстік-батысында тұман күтіледі”, – деді Қазгидрометте.

Сондай-ақ Жамбыл, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде, батыста, оңтүстікте, Ақтөбе қаласының орталығында, Атыраудың батысында, шығысында, Қостанай облысының оңтүстігінде, Маңғыстау облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі күтіледі. 

Бұдан бөлек Батыс Қазақстан облысының аумағында,Жетісу, Абай, Шығыс Қазақстан облыстарында, Ұлытау облысының оңтүстігінде, оңтүстігінде, Қарағанды ​​облысының орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!