фото: e-history.kz

Ядролық жарылысқа қарсы халықаралық «Невада-Семей» қозғалысына 35 жыл толды. Халықаралық қозғалыс 1989 жылы 28 ақпанда құрылып, қазан айында ресми тіркеуден өткен болатын, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы. 

Респу­блика халқынан кеңінен қолдау тапқан қозға­лыс ядролық жарылыстарға қарсылық біл­діріп, әлемдегі ядролық қауіпті жоюды мақ­сат етті, Семей ядролық полигонында ядро­лық сынақтарды тоқтатуға қол жеткізді.

Ан­тиядролық қозғалыстың күш-жігері арқа­сын­да 1989 жылы жоспарланған 18 ядролық сы­нақ­ саны 7-ге дейін азайтылды. Ең соңғы яд­ро­лық сы­нақ осы жылдың 19 қазанында жасалды.

Анти­ядро­лық қоз­ға­лысқа қатысушы Қарағандының 130 мың шах­тері егер ядролық сынақ тоқтамаған жағдайда мер­зімі шектеусіз ереуілге шығатындарын мәлімдеген бо­латын.

Оларды Семей, Павлодар, Өске­мен, Жез­қазған жұмысшылары және сон­дай-ақ Жо­ғарғы Кеңес қолдады.

Халықтың бас­тамасымен тұңғыш рет КСРО Үкіметі ядролық қа­руды сы­науға тыйым салу – мораторий жасау тура­лы ше­шім шығарды. Қазақстан Респу­бли­касының егемендігі туралы Декларацияда ел аума­ғы ядро­сыз аймақ деп жарияланды. Кейін сол кездегі Қазақ­стан Пре­зиденті Н.Ә. Назарбаевтың Семей полиго­нын жабу туралы Жарлығы – 1991 жыл­дың 29 тамызы күні шықты. Сөйтіп тиянақтылық пен табандылық танытқан қазақ халқы өз мақ­сатына жетті.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!