Биыл Қызылорда облысындағы Тереңөзек кенті көгілдір отынға қосылды. Ал, жақын арада Жосалы және Жалағаш кенттері табиғи газға қосылады. Бұл туралы Гүлшара Әбдіқалықова халық алдындағы есепті кездесуінде айтты.
Аймақ басшысының айтуынша, бүгінде облыс халқының 97 пайызы орталықтандырылған ауыз сумен, 65 пайызы табиғи газбен қамтылған.
2020 жылы 16 елді мекенде су құбыры және кәріз желілерін қайта жаңғырту бойынша жалпы құны 4 млрд. теңге болатын 27 жоба жүзеге асырылды. Осының нәтижесінде100 мыңнан астам адам таза ауыз сумен қамтылған.
«Биыл ақпан айының басында Тереңөзек кентін газға қостық. Жақын арада қалған 2 аудан орталығы – Жосалы және Жалағаш кенттерін «көгілдір отынға» қосамыз», – деді облыс әкімі.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!