Сурет: pixabay
Ауыл шаруашылығы министрлігі «ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің Каспий итбалығы популяциясын сақтау үшін мемлекеттік табиғи резерват құру туралы» Үкімет қаулысын дайындады, деп хабарлайды Zakon.kz.
«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің Каспий итбалығының популяциясын сақтау үшін жалпы көлемі 109 558,04 га, күзет аймағының ауданы 69 839,62 га болатын Каспий теңізінің акваториясында, Қазақстанның Маңғыстау және Атырау облыстарының аумағында Мемлекеттік табиғи резерват құрылсын», – делінген құжатта.
Балық шаруашылығы комитетіне Каспий итбалығы популяциясын сақтау үшін мемлекеттік табиғи-қорық қоры жерлерінің шекарасын карталарда және іс жүзінде белгілеу тапсырылды.
Бұл ретте Маңғыстау және Атырау облыстарында Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің «Каспий итбалығы популяциясын сақтау жөніндегі мемлекеттік табиғи резерваты» республикалық мемлекеттік мекемесі құрылады.
Мекеме республикалық бюджеттен ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды ұстауға бөлінген қаражат есебінен қаржыландырылады.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!