1 желтоқсаннан бастап Қазақстанда Экология және табиғи ресурстар министрлігі, Ішкі істер министрлігі мен Ұлттық қауіпсіздік комитеті ұйымдастырған «Киік» табиғат қорғау акциясы басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

2025 жылғы 15 қаңтарда аяқталатын акция еліміздің 14 облысында, киіктер мекендейтін аймақтарда өткізіледі. Бұл акцияның мақсаты – киіктерді қорғауды күшейту, табиғат қорғау заңнамасын бұзуды болдырмау, браконьерлікке қарсы күрес жүргізу және табиғи ресурстарды сақтауды қамтамасыз ету.

Акцияның тиімділігін арттыру үшін бірнеше мобильді топтар мен 16 жылжымалы бекет құрылып, рейдтік шаралар жүргізіледі, сондай-ақ жалпы бақылау және құқық бұзушылықтардың алдын алу шаралары жүзеге асырылады. Осы мақсатта бекеттерде тәулік бойы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлері кезекшілік етеді.

Акция аясында сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін тарта отырып, 14 брифинг өткізу жоспарланған. Оған полиция қызметкерлері, шекара және кеден қызметі, сондай-ақ облыстық аумақтық инспекциялар мен ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесінің комитетінің «Охотзоопром» РГКП қызметкерлері қатысады. 

Бұл шаралар киіктерді және жалпы сирек жойылып бара жатқан жануарлар түрлерін қорғаудың маңыздылығын жұртшылыққа түсіндіруге, сондай-ақ заңсыз аң аулауды болдырмауға бағытталған.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!