Ауа райының нашарлауына байланысты 3 қаңтарда еліміздің басым бөлігінде дауылдық ескерту жарияланды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ «Қазгидромет» РМК сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
3 қаңтарда түнде Ақмола облысында ауа температурасының 21-26, облыстың оңтүстік бөлігінде 13-18 градус аязға дейін күрт төмендеуі күтіледі. Астана қаласында түнде ауа температурасы 15-17 градус аязға дейін күрт төмендейді.
3 қаңтарда Маңғыстау облысының оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады. Облыстың батысында, солтүстігінде кей уақыттарда екпіні 15-20 м/с болмақ.
Қостанай облысының солтүстік жартысында таңертең және күндіз бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғып, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с болады. Қостанайда 3 қаңтарда таңертең және күндіз бұрқасын күтіледі.
3 қаңтарда түнде Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың оңтүстігіне тұман түсіп, оңтүстік-батыстан жел соғады. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Қарағанды қаласында түнде жаяу бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде екпіні 16 м/с күтіледі.
3 қаңтарда түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Жел оңтүстіктен соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с құрайды. Ал Орал қаласында түнде және таңертең тұман, көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстіктен соғады, түнде екпіні – 18 м/с.
3 қаңтарда Қызылорда облысының оңтүстігінде, солтүстігінде, орталығында тұман болады. Қызылорда қаласында кей уақытта тұман күтіледі.
Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман күтіледі. Шымкент қаласында кей уақытта тұман болады.
Абай облысының солтүстігінде бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, орталығында 15-20, түнде екпіні – 25 м/с. Семей қаласында бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, екпіні 15-20 м/с болады.
3 қаңтарда Павлодар облысында бұрқасын күтіледі. Батыстан жел соғады. Күші 15-20 м/с болады. Павлодар қаласында да бұрқасын болады деп күтілуде. Батыстан жел соғады, түнде екпіні 15-20 м/с болмақ. 3 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с. Өскемен қаласында бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, түнде екпіні 15-20 м/с.
Атырау облысының оңтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с. Атырау қаласында түнде және таңертең тұман, көктайғақ күтіледі.
3 қаңтарда түнде Солтүстік Қазақстан облысының облыстың оңтүстік-шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Батыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с болмақ. Петропавл қаласында түнде ауа температурасының 26-28 градус аязға дейін күрт төмендеуі күтіледі.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!