Синоптиктер Қазақстанның барлық аймақтарында дауылды ескерту жариялады. 18 желтоқсан күні кешке еліміздің басым бөлігінде жел соғады, бұрқасын мен тұман күтіледі. Бұл туралы «Қазгидромет» таратқан ақпаратқа сүйенген Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

фото: stan.kz

(жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың таулы аудандарында жаяу бұрқасын, облыстың басым бөлігінде көктайғақ. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында 15- 20, облыстың тау асуларында екпіні 23-28 м/с. Шымкент қ.: 19 желтоқсанда түнде және таңертең тұман күтіледі. Түркістан қаласында 19 желтоқсанда солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

19 желтоқсанда түнде Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде қар күтіледі. Облыстың шығысында, оңтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың шығысында, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

19 желтоқсанда түнде Қостанай облысының шығысында, оңтүстігінде, күндіз оңтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың шығысында, оңтүстігінде, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

19 желтоқсанда Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі.

19 желтоқсанда Павлодар облысының шығысында, оңтүстігінде жаяу бұрқасын, оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

19 желтоқсанда Жамбыл облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с, облыстың оңтүстік-батысында, таулы аудандарында кей уақыттарда 30 м/с және одан аса күтіледі.

18 желтоқсанның сағат 21.00-ден 19 желтоқсанның сағат 21.00-ге дейін Өскемен, Риддер қалалары бойынша, күтіліп отырған қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты, ҚМЖ туралы екінші дәрежелі ескертуі сақталады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!