Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігі «Қазгидромет» РМК хабарлауы бойынша елдің барлық дерлік өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Stan.kz
2 қаңтарда түнде Абай облысының солтүстігінде, күндіз облыстың басым бөлігінде жауын-шашын (көбінесе қар), бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, күші 15-20 м/с, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында екпіні 23-28 м/с, 02 қаңтарда кей уақыттарда 30 м/с және одан аса күтіледі.2 қаңтарда Ақмола облысының басым бөлігінде жауын-шашын (көбінесе қар), облыстың солтүстігінде, шығысында қатты қар күтіледі. Бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың басым бөлігінде екпіні 15-20, таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында 23-28 м/с, кей уақыттарда 30 м/с және одан аса күтіледі. 2 қаңтарда Жамбыл облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, таулы аудандарында кей уақыттарда 30 м/с және одан аса күтіледі. Астана қаласында 2 қантарда бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 15-20, күндіз кей уақыттарда 25 м/с.Көкшетау қаласында 2 қантарда бұрқасын күтіледі. Жолдарда көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.2-4 қаңтарда Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. 02-04 қаңтарда оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығыс желіне ауысады, 02 қаңтарда облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, облыстың оңтүстік-батысында, таулы аудандарында екпіні 23-28 м/с, 03-04 қаңтарда облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Тараз қаласында 3-4 қаңтарда тұман күтіледі. 02 қаңтарда оңтүстік-батыстан жел соғады екпіні 15-20 м/с, кей уақытта 23-28 м/с күтіледі.
2 қаңтарда түнде Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде, орталығында бұрқасын күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың басым бөлігінде, күндіз облыстың солтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Ақтөбе қаласында 2 қаңтарда түнде бұрқасын күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, түнде екпіні 18 м/с күтіледі.
2 қаңтарда Павлодар облысында бұрқасын, облыстың оңтүстігінде, батысында көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, облыстың оңтүстігінде, батысында екпіні 23-28 м/с күтіледі. Павлодар қаласында 2 қаңтарда бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!