Еліміздің бірнеше аймағында жанармай тапшылығы туындады. Бұған логистикалық мәселелер, Павлодар мен Шымкент мұнай өңдеу зауыттарындағы жөндеу жұмыстары себеп болған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның «Информбюро» бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.
ШҚО тұрғындары бекеттерде АИ-95 маркалы жанармайдың жоқ екенін айтады. Кей елді мекендерде бензиннің бұл түрін тек талонмен сатады. Ал мәселе аудан орталықтарында ушығып тұр. Екі зауыттағы жөндеу жұмыстарына байланысты жанармай Атырау мұнай өңдеу зауытынан жеткізілген. Мамандардың сөзінше, облыстағы 157 жанармай құю бекетінде бензин бар. Ал АИ-92 қоры 7,8 мың тонна болса, АИ-95 қоры 2 мың тонна екен. Энергетика министрінің мәліметінше АИ-95-тен басқа өзге маркалы бензин қорының арқасында елде жанармай қажеттілігі өтелген. «Бізде жанармай қоры 30 мың тоннаға жуық. Ішкі қажеттілікті өтей аламыз. Бірақ логистика қиын аймақтарда жанармай Ресейден әкелінеді. Жиын өткізіп, АИ-95 маркалы бензинді жеткізу үшін «ҚазМұнайГаздың» еншілес Petrosun компаниясын оператор етіп белгіледік», – деді министр Алмасадам Сатқалиев.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!