Фото: Skifnews.kz 

Киік еті Арқалық ет комбинатына өнеркәсіп мақсатында аулау бағдарламасы бойынша жеткізіле бастады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Жергілікті кәсіпорын бұл ақпаратты растап, консервіленген ет өндірісі арнайы рецепт бойынша жүзеге асырылатынын нақтылады, деп жазады Kazinform.

Еске сала кетсек, аймақта Бетпақдала киіктерінің санын реттеу жұмыстары жүргізіліп жатыр – олардың саны 20 есе өскен (26,2 мыңнан 745,3 мыңға дейін). Киік еті Арқалықтағы «Торғай-Ет» ЖШС ет өңдеу кәсіпорнына жөнелтіледі. Дала жануарының етін қабылдау мүдделі емес тұлғалардың көзінше жүргізіледі.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!