Қытайда жер сілкінді. Фото: twitter.com/PDChina

Қытайда магнитудасы 6 болатын жер сілкінісі тіркелді. Салдарынан Ганьсу мен Цинхай провинцияларында қаза тапқандар мен зардап шеккендер бар. Еуропалық Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығы ақпаратынша, магнитудасы 6-ға тең жер сілкінісі тіркелген.

Зілзала ошағы Ланьчжоудан оңтүстік-батысқа қарай 102 километрде орналасқан. Тереңдігі – 35 километр. ТАСС мәліметінше, Қытайдың Орталық телеарнасы зілзаладан 111 адам (Ганьсуда 100, Цинхайда 11 адам) қаза тапқанын хабарлаған. People’s Daily, China басылымының мәліметінше, жер асты дүмпулерінің магнитудасы 6,2 болған. Қаза тапқандар саны – 111. магнитуда составила 6,2.

РИА Новости Қытайдың Төтенше жағдайлар министрлігі жер сілкінісіне қарсы әрекет етудің екінші деңгейлі күшейтілген режимін енгізгенін хабарлады. ТЖМ мәліметінше, жер сілкінісі болған аймақта 1440 өрт сөндіруші мен құтқарушы жұмыс істеп жатыр.

дереккөз: kaz.nur.kz

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!