Былтыр ғана облыс орталығында 12 адам осындай жағдайда көз жұмса, соның тең жартысы – бала.

Қызылордада өзеннен 8-сынып оқушысы өлі табылды, деп хабарлайды Massaget.kz.

Бұл оқиға 14 мамырда болған. Қалалық төтенше жағдайлар басқармасы өкілдерінің айтуынша, жедел құтқару жасағының өкілдері хабарлама бойынша Сырдария өзенінен марқұмның денесін тапты.

«Мән-жайды тексеру барысында 8-сынып оқушысының белгіленбеген жерде суға түскені анықталды», – деді басқарма бастығы Жасұлан Түйменов.

Былтыр ғана облыс орталығында 12 адам осындай жағдайда көз жұмса, соның тең жартысы – бала.

Фото: pixabay

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!