«Қызылорда су жүйесі» МКК-ның сумен жабдықтау қызметіне тариф бекітілді. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті хабарлады.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментіне «Қызылорда су жүйесі» МКК-нан сумен жабдықтау қызметіне тарифті бекітуге өтінім келіп түсті.

Өтінім берудің негізгі себептері – салық мөлшерлемесінің өзгеруі, электрэнергия бағасының және қызметкерлердің орташа айлық жалақысының өсуі.

«Қызылорда су жүйесі» мекемесінің орташа босату тарифінің жобасы ҚҚС-сыз 1 текше метрге 65,87 теңгені құрады (қолданыстағы тарифтен 6,05 теңге өсіммен), оның ішінде халық үшін ҚҚС-сыз 1 текше метрге – 42,79 теңге (қолданыстағы тарифтен 3,94 теңге өсіммен).
ТМРКД монополист субъектінің өтінімін мұқият қарап, орташа босату тарифі ҚҚС-сыз 1 текше метрге 62,67 теңге (қолданыстағы тарифтен 2,85 теңге түзетуімен) мөлшерде бекіту туралы шешім қабылдады, оның ішінде халық үшін ҚҚС-сыз 1 текше метрге 42,61 теңге (қолданыстағы тарифтен 3,76 теңге түзетуімен).

Тарифтің өзгеруі өндірістік персоналының (слесарь, электрик, оператор, инспектор-бақылаушы, сорғы станциясының машинисі, зертханашы және т.б.) жалақысын 11,2 пайызға арттыруды көздейді.

Халықтың осал топтары тұрғын үй көмегі тетегі есебінен (әкімдіктер есебінен) тарифтердің өсуінен қорғалатынын атап өтеміз. Тарифті бекіту процесі жариялылық пен ашықтықты қамтамасыз етуді ескере отырып, монополист субъектілердің ұсынылған материалдарына негізделеді және бірінші кезекте коммуналдық қызметтерді тұтынушылар үшін ыңғайлы болуы тиіс.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!