Бүгін Шиелі ауданы, Бәйтерек ауылдық округінде орналасқан «№148 орта мектебінде» экологиялық мәдениетті насихаттауға және қоршаған ортаны қорғауға бағытталған «Таза Қазақстан – болашақ ұрпаққа аманат» атты кең көлемді іс-шара өтті. Ғасырлық тарихы бар, 119 жылдық білім ордасы бұл акцияға белсене атсалысып келеді.
Іс-шара аясында мектеп ұжымы мен оқушылар бірқатар маңызды экологиялық жобаларды жүзеге асырды. Атап айтқанда, үш бағыт бойынша жұмыстар жүргізілді:
1) Ағаш отырғызу, көркейту-көгалдандыру шаралары ұйымдастырылып, мектеп аумағы жасыл желекке айналды;
2) «Жасыл мекен» атты арнайы экокабинетке экскурсия өткізіліп, оқушылар табиғатты тану мен экологиялық сауаттылықты арттыру бағытында мағлұматтар алды;
3) «Қоқысты сұрыпта – сәнге айналдыр» атты көрме ұйымдастырылып, қайта өңделген қалдықтардан жасалған бұйымдар ұсынылды. Бұл экологиялық тәрбиенің маңызды бөлігі ретінде оқушылардың шығармашылығы мен жауапкершілігін көрсетті.
Сонымен қатар, Шиелі кентіндегі «Руханият» орталығы аумағында да тазалық жұмыстары ұйымдастырылды. Мемлекеттік рәміздер аллеясы тазартылып, гүлдер мен ағаш көшеттері отырғызылды.
Жаңақорғандық жастар да тазалық шараларына белсене атсалысып, «Бұлақ көрсең – көзін аш» атты ұранмен Құттықожа баба кесенесі маңындағы бұлақ басында экологиялық тазалық іс-шарасын өткізді.
Тарихи-мәдени мұра нысандарының бірі болып саналатын Құттықожа баба кесенесі аумағында орналасқан бұл бұлақ – Құттықожа елді-мекенінің негізгі аяқ су көзі болып саналады. Жастар өңірдің рухани табиғи құндылығын сақтауға өз үлестерін қосып, бұлақ көзін ашып, айналасын күл-қоқыстан тазартып, шөптерді шауып, қоршауларды әрлеп-сырлады.
Бұл бастамалар тек тазалықты сақтауға емес, сонымен қатар туған жерге деген сүйіспеншілікті арттырып, жас ұрпақтың экологиялық және патриоттық санасын қалыптастыруға бағытталған.
Бүгінгі күнге тазалық шараларына барлығы 135 мыңнан аса
(135 400) еріктілер, қоғам қайраткерлері, бюджет саласы мен кәсіпорын қызметкерлері қатысты.
Нәтижесімен 4 400 тоннадан (4 413) астам қоқыс қалдықтары шығарылып, елді мекендердегі 423 скверлер мен парктер, 181 тарихи мәдени ескерткіштер, 848әлеуметтік нысандар (мектептер, бала-бақшалар, спорт, денсаулық сақтау және т.б.), 2477 өнеркәсіп және бизнес нысандары, 32 су объектілері (өзендер, көлдер, жасанды су айдындары, субұрқақтар, арықтар және т.б), мен 14 485 көшелердің бойы (650 көп қабатты үйлер мен 13 835 жер үйлердің аулалары)тазартылды. Оған 415-ден аса техника(415) жұмылдырылды.
Жыл басынан бері облыс бойынша 240 700 дана өңірдің климатына сәйкес жерсінетін қарағаш, терек және сырталыныңкөшеттері егілді.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!