Табиғи монополиялар туралы заңнамасына сәйкес, табиғи монополия субъектісі сырттағы ауаның нақты температурасын ескере отырып, жылу энергиясымен жабдықтау бойынша реттеліп көрсетілетін қызметтің құнын тұтынушыларға тікелей не тұтынушының тұрған жерін анықтау мүмкін болмаған жағдайда жылу энергиясымен жабдықтау бойынша реттеліп көрсетілетін қызметке ақы төлеу кезінде тарифті төмендету арқылы қайта есептеуді жүргізуге міндетті.
Осылайша, жылумен жабдықтау саласындағы субъект-монополистердің ұсынған деректері бойынша, бірақ ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті енгізген түзетулерді ескере отырып, қайта есептеу сомасы келесідей қалыптасқан.
1. «Қызылордажылуэлектрорталығы» МКК – 38 004,74 ҚҚС-мен мың теңге, оның ішіінде:
– ЖҮЕА-сыз – 36 535,63 ҚҚС-мен мың теңге;
– тозығы жеткен – 1 445,51 ҚҚС-мен мың теңге;
– өзгелер – 24,23 ҚҚС-мен мың теңге.
2. «Қызылордажылуэлектрорталығы» МКК-ның «Қазалы-Теміржолжылу» филиалы – 794,205 ҚҚС-мен мың теңге.
3. «Теміржолсу-Қзыл-Орда» ЖШС – 10,10 ҚҚС-мен мың теңге.
4. «Сырдария-Нұрдаулет» ЖШС – 15,08 ҚҚС-мен мың теңге.
Тұтынушыларға қайтарылуға жататын жалпы сома ҚҚС-мен 38 824,76 ҚҚС-мен мың теңгені құрады.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 19 қарашадағы №90 бұйрығымен бекітілген Тарифтерді қалыптастыру қағидаларының 529 және 530-тармақтарына сәйкес, өткен жылыту кезеңі ішінде жылумен жабдықтау бойынша көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу кезінде тарифті төмендету берілген шоттардағы төлем сомасын қайта есептеу шамасына төмендету жолымен жүргізіледі.
Субъект тұтынушылардың назарына коммуналдық қызметтерге ақы төлеу туралы төлем құжатында қаражатты қайтару сомасы туралы ақпаратты аванс (сальдо) түрінде оған ескертпемен қоса жеткізеді.
Авансқа (сальдо) ескертпеде осы сома сыртқы ауаның нақты температурасын ескере отырып, жылу энергиясымен жабдықтау жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтің құнын қайта есептеу нәтижесі болып табылатыны туралы ақпарат көрсетіледі.
Қайта есептеу жалпы үйлік және жеке жылу энергиясын есептеу аспаптары жоқ тұтынушыларға жүргізілетінін атап өту қажет.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!