Сәтбаев қаласындағы қазандық мұржасынан шыққан түтінге байланысты экологиялық тексеру жүргізілмек. Бұл туралы ҚазАқпарат Ұлытау облысының әкімдігіне сілтеме жасап хабарлайды.
«Әлеуметтік желілерде Сәтбаев қаласының қазандық мұржасынан (Жылу энергетикасы кәсіпорны) қалың қара түтін шығып жатқаны туралы ақпарат тарауда. Жылыту маусымы кезінде қаладағы 4 қазандықтан 360 мың тонна көмір жағылған. Осыған байланысты көп мөлшерде түтін шығарылуы мүмкін.Осыған орай арнайы экологиялық тексеру жүргізілетін болады. Оның нәтижелері жақын арада жарияланады», – делінген әкімдік хабарламасында.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!