Шаһар басшысы Серік Қожаниязов қала сыртындағы қоқыс полигонына арнайы барып, ондағы жұмыс процесімен танысты.


Полигонның жай-күйімен танысу барысында қала әкімі Серік Салауатұлы: 

«Полигонға келетін қоқыстарды Экологиялық кодекс талаптарына сай залалсыздандырып, қайталама шикізатты өңдеу арқылы табыс табуды жолға қою қажет. Ынталы кәсіпкерлермен келіссөздер жүргізіп, полигонды сенімгерлік басқаруға беру керек. Медициналық қалдықтарды да осы жерде залалсыздандыратын шаралар қабылдап, экологияға зиян келмейтін әдістерді қолдану маңызды. Ол үшін өңдеуден өткен қоқыстардың көзін жоятын арнайы пештерді орнату қажет. Ал, ескі қоқыс полигон жерінің құнарлығын қайта қалпына келтіруге жоба-сметалық құжаттамасы әзірленеді», – деді. 

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!