kazbilim.kz

Су саласында сұранысқа ие пәндер бойынша жоғары білім алу үшін білім беру гранттарының санын ұлғаяды. Мұндай бастама Су ресурстарын басқару жүйесін дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдама-жобасында көтерілген.

«М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетімен бірлесіп, су саласында сұранысқа ие мамандарды даярлау үшін аталған жоғары оқу орнын дамыту бағдарламасы бекітіледі. Бұл жұмыстар 2023-2029 жылдар аралығында жүргізіледі. Сонымен бірге, су саласындағы инновациялық пәндерді қоса отырып, білім беру бағдарламалары жаңартылады. Су саласының сұранысқа ие пәндері бойынша жоғары білім алу үшін мемлекеттік білім беру гранттарының санын ұлғайтылады», — делінген Ашық НҚА порталында жарияланған 6 жылдық тұжырымдамада.

Мұнымен қатар, жұмыс жоспарында баяндалғандай, келер жылдан бастап Ертіс, Деркөл, Елек, Есіл, Тобыл, Нұра, Шу, Селета, Қаратал, Топар, Сырдария, Ойыл, Жем, Сағыз өзендерінің арнасы тазартылады. Олар тиісті өңір әкімдіктерімен бірлесе орындалады.

Құжат 20 маусымға дейін көпшілік талқылауда болады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!