Фото: istockphoto.com

Сәуір-мамыр айларында Жайық өзені тасыған соң, Каспий теңізінің солтүстік-шығыс бөлігінің (Атырау облысы) деңгейі 119 см-ге көтерілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Су ресурстары және ирригация министрлігі жергілікті әкімдікпен бірлесіп салған қосымша арналар тиімді әсер етті, деп хабарлады.  

«Тасқын суы тек су қоймаларына жиналып қана қоймай, 12,4 миллиард текше метр су тоғандарға, лимандар мен табиғи шабындықтарға жіберілді. Су тасқыны басталғаннан бері Балқаш көліне 3,3 млрд текше метр су жіберілді. Сонымен қатар, Солтүстік Аралға су жіберу жұмысы жалғасып жатыр. Жыл басынан теңізге 1,1 млрд текше метрден астам су келді», – деді Су ресурстары және ирригация вице-министрі Нұрлан Алдамжаров

Су тасқыны кезінде Каспий теңізіне Жайық өзені арқылы шамамен 7,4 млрд текше метр су жіберілді. Тасқын суын теңізге өткізу үшін Атырау облысы бойынша «Қазсушар» филиалы қосымша каналдарды пайдаланды. Ол арналар арқылы Каспийге 350 млн текше метр су келді.

«Қазсушар» мамандары арналардың барлығында тазарту, нығайту және басқа да жұмыстар жүргізді. Мысалы, «Соколок» каналының бойында ұзындығы 14,5 шақырым болатын қосымша канал қазылды, ол арқылы тасқын суы Каспийге жіберілді.

Биыл бірнеше өңірді су тасып, ондаған ауданда төтенше жағдай жарияланды. Су тасқыны ең үлкен қауіп туғызып отырған өңірлер қатарында Атырау, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстары бар. Құлсары қаласында ең күрделі жағдай тіркелді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!