Фото: egemen.kz

Табиғат – адам баласы өмір сүріп жатқан орта, ортақ мекен. Адамның тағдыры табиғатқа байланған. Табиғат болмаса адамзат баласы өмір сүре алмас еді. Алайда таза ауасы мен шипалы суы, ну орманы мен асқар таулы мекеннің қадірін білмей жататынымыз өкінішті.

Қоршаған ортамыздың суы лас, айналасы қоқыс болса, оның пайдасынан зияны көп екені айтпаса да белгілі. Сондықтан табиғатты аялап, ағаш отырғызып,қамқорлық танытып, қадірлеу – адамның парызы. Орман-тоғайларды сақтап, қоршаған ортаның, өзен-көлдердің ластанбауына ерекше мән беруіміз керек деп ойлаймын. Табиғаттың әсері адам өмірінде орасан зор маңызға ие. Мысалы, қыста боран немесе аяздың, көктемде су тасқынының болуы тіршілікті жоқ қылады деп те айта аламын.

Адам табиғатқа қамқорлықпен, мейірімділікпен қараса, мәңгі құтты мекеніміз болып қала береді.

Айжан ТАЛҒАТҚЫЗЫ,
И.Құтпанұлы атындағы ЖББОМ
11-сынып оқушысы

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!