Президентке Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы тұрғыны тұщы су тапшылығы туралы өтініш айтқан. Қасым-Жомарт Тоқаев бұл мәселені қысқа мерзімде шешуді тапсырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Судың жетіспеушілігі әсіресе жаз мезгілінде айқын көрінеді.
Мәселені кезең-кезеңімен шешу үшін өңірде тұщыландыру зауыттары мен қондырғыларының құрылысы жүргізілуде.
Мұнайлы ауданында күрделі жағдай қалыптасуда. «Каспий» тұщыландыру зауытында жөндеуге байланысты ауданға су беру тәулігіне 13 мың м3-тен тәулігіне 10 мың м3-ке дейін төмендеді.
Үкімет резервінен «Каспий» тұщыландыру зауытының қуатын тәулігіне 20 мың м3 -ке ұлғайтуға 5,6 млрд теңге бөлінеді. Жеткізу тәулігіне 40 мың м3 ауыз суға дейін жеткізіледі.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!