Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Республиканың бюджеті мен Ұлттық қорына қатысты заңдарға қол қойды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Ақордаға сілтеме жасап.
Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2022-2024 жылдарға арналған кепілдік берілген трансферт туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
Сондай-ақ Мемлекет басшысы «2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
Еске сала кетейік, 5 мамырда Сенат депутаттары «Ұлттық қордан 2022-2024 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» заңды және 2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджетке түзетулер енгізу туралы шешім қабылдаған болатын.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!