Түркияның оңтүстік-шығыс жағалауының Искендерун шығанағында магнитудасы 4,5 баллдық жер сілкінісі болды. Бұл туралы ТЖ салдарын жою басқармасынан (AFAD) мәлім етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Анадолыға сілтеме жасап.

Жерасты толқуы Түркияның Хатай провинциясында сезілген.

Зілзала жергілікті уақытпен 23:49-да тіркелді. Ошағы 5,39 км тереңдікте. Эпицентрі Жерорта теңізінің Искендерун шығанағында орналасқан.

Жергілікті биліктің мәліметінше, зардап шеккендер мен қирау туралы ақпарат түспеген.

Еске сала кетсек, 6 ақпанда Түркияда 7,7 магнитудасымен жойқын жер сілкінісі болды.

Зілзала ошағы Кахраманмараш провинциясындағы Пазарджик ауданында орналасқан, тереңдігі –  7 шақырым.

Салдарынан Хатай, Газиантеп, Килис, Османие, Малатья, Адыяман, Шанлыурфа, Диярбакыр, Адана және Кахраманмараш провинцияларында көптеген ғимарат қирады.

Қазіргі уақытта зілзаладан 45 968 адам қаза тапқаны белгілі болды, оның 4 267-і – Сирия азаматы.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!