Фото: Sputnik / Абзал Калиев
Sputnik. Жайық өзенінің сол жағалауына Қызыл кітапқа енген қызғылт қоқиқаздар ұшып келді, деп хабарлады 24kz.
Әдемі көрініске Атырау тұрғындары куә болды. Табиғатта сирек кездесетін құстар «Сасық сай» булану алаңына қонды.
Мұнда қоқиқаздар үшін табиғи қорек көзі саналатын ұсақ шаяндар мекендейді.
«Шаһарда қызыл кітапқа енгізілген жабайы құстар тобының пайда болуы экологиялық жағдай жақсарғанының белгісі болуы мүмкін», – дейді мамандар.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!