Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында тұрғындардың өзін-өзі әлеуметтік маңызы бар картоп, көкөніс, бақша өнімдерімен қамтамасыз ету мақсатында шаруашылық құрылымдары тарапынан ауыл тұрғындары үшін егіс алқаптарынан 359 гектар қосымша жерлер ашылып, 1105 отбасыға бөлініп берілді. Оның 200 гектарына картоп, 51 гектарына көкөніс, 108 гектарына бақша дақылдары егіліп, тұрғындар қыстық азығын қамдап алды.

Сырдария ауданының аумағындағы балық шаруашылығына маңызы бар 31 су айдындарының қазіргі жай-күйі, оларға инфрақұрылым жүргізу мүмкіншілігін анықтау мақсатында жұмыстар жүргізілді.2023 жылы елді мекендерді экологиялық аяқ сумен қамтамасыз ету мақсатында А.Тоқмағамбетов ауылындағы «Қашыртқы» каналының 3,2 шақырымына, Жетікөл елді мекеніндегі «Жыңғылдыкөл» каналының 6 шақырымына, Аманкелді ауылындағы «Хозцентр» каналының 2 шақырымына механикалық тазалау жұмыстары жүргізілді. 2023 жылы 6 каналға ЖСҚ әзірлеу үшін облыстық бюджеттен 8,3 млн. теңге және елді мекендерді аяқ сумен қамтамасыз ету мақсатында насос қондырғыларын алу үшін облыстық бюджеттен 52,0 млн. теңге қаржы бөлінді.

Тереңөзек кентіндегі «Айтбай арық», С.Сейфуллин ауылындағы «Құрымбек», Шаған ауылындағы «Жиделі арық», Аманкелді ауылындағы «Баржық», Ақжарма ауылындағы «Ақжарма», «Дәулет-арық» каналдарына 2024 жылға тазалау жұмыстарын жүргізу үшін бюджеттік өтінім ұсынылды. «Қазсушар»РМК Қызылорда филиалы арқылы 5 каналға («Әйтек» 11,9 шақырым, «Айжанкеткен» 11,0 шақырым, «Оразбай» 10,3 шақырым, «Жетікөл-Жарма» 14,0 шақырым, «Жасқайрат» 9,0 шақырым) тазалау жұмыстары жүргізу жоспарлануда.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!