Фото: kp.kz
Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеттің жастары экология саласындағы ұлттық бастамаға белсене қатысып, өз өңірінде қоршаған ортаға деген жауапты көзқарастың үлгісін көрсетті.
Тоғыз ай бойы жүзеге асқан «3.2.1 Старт!» бағдарламасы аясында олар пластик қалдықтарды сұрыптау, қайта өңдеу, экологиялық мәдениетті насихаттау бағытында ауқымды жұмыс атқарды.
Бағдарлама шеңберінде университет жастары 3 тоннадан астам ПЭТ бөтелкесін қайта өңдеуге жолдап, 192 сенбілік ұйымдастырып, 5 760 адамды жұмылдырды. Сонымен қатар 2 460 студентке арналған 37 ақпараттық тренинг пен экологиялық сессия өтті. Эко-клубтың құрамына енген 100-ден астам студент zero-waste елшісі ретінде факультеттерде тұрақты даму құндылықтарын дәріптеуге белсене кірісті.
Coca-Cola Icecek Kazakhstan қолдауымен «3.2.1 Старт!» бағдарламасы аясында қолға алынған бұл бастама бүгінде 14 жоғары оқу орнында жүзеге асып жатыр. Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті бұл тізімде алдыңғы қатарда тұр. Университет аумағында ғана емес, қаладағы 30-дан аса нысанда – мектептер, дәмханалар, теміржол вокзалы секілді орындарда пластик жинауға арналған контейнерлер орнатылды. Жобаға қатысқан техникалық қызметкерлерге арнайы ынталандыру жүйесі енгізіліп, үздік студенттер экологиялық стартап идеялар байқауына қатысу арқылы жаңа мүмкіндіктерге ие болды.
Бағдарламаның әлеуметтік әсері де айтарлықтай. Университет проректоры Жандос Базартайдың бастамасымен өткен 32 кафедралық кездесу оқытушылар мен студенттердің экологиялық сауатын арттырып қана қоймай, оларды «Жауапты тұтыну және өндіріс» сынды Тұрақты даму мақсаттары төңірегінде біріктірді.
Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті бұдан кейін де бастаманы жалғастыруды көздеп отыр. «ИП Август» компаниясымен әріптестік орната отырып, қаладан жиналатын пластик көлемін 30 тоннаға дейін жеткізу, жергілікті өндірістерде қайта өңделген шикізатты қолдану, сондай-ақ қала ішіне қосымша контейнерлер орнату жоспарланған. Бұл бағытта бизнес құрылымдармен және үкіметтік емес ұйымдармен байланыс нығайтылады.
Қоршаған ортаға жанашырлық – тек ұранмен шектелмейтін іс.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!