2-3 шілде аралығында өткен «Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі» қорытындыланды. Жәрмеңкеге қызылордалық жастармен қатар қала тұрғындары қажетті мәліметтер алып, жұмыс беруші мекемелердің өкілімен еркін сұқбат құрды. Олар өзін толғандырған сұрақтарға жауап алып, түйіндеме тапсырды.
2000-нан аса ұсынылған бос жұмыс орындарына 150 тұрғынның өтінімі қабылданып, келесі кезеңге өтті. Жұмыс беруші мекемелер тарапынан жарияланған бос жұмыс орындарының 1965-і жұмысшы (разнорабочий) ретінде болса, 39-ы арнайы мамандыққа сұраныс.
Тұрғындар тарапынан қабылданған өтінімнің нәтижесінде түйіндемесі арнайы құжатқа тіркеліп, әңгімелесу кезеңіне шақыртылды. Жәрмеңкеге келген жастардың басым көпшілігі сәйкесінше қатырма қағазындағы мамандықты сұраса, ал орта жастан асқан тұрғындар жалақысы жоғары жұмысшы (разнорабочий) мамандығына қызығушылық танытуда. Сондай-ақ шараға қатысқан жұмыс ұсынушы мекемелер техникалық және құрылыс саласындағы мамандықтарға сұраныстың жоғары екенін айтады.
Жұмысшы мен жұмыс беруші арасындағы тікелей байланыс орнату мақсатында өткен жәрмеңке қала тұрғындарының өз мамандығына сәйкес жұмысқа орналасуына үлкен септігін тигізеді деген үміттеміз. Мұндай бастамалар жастар арасындағы жұмыссыздықты азайтып, өз ісінің болашақ шеберлерін таңдаған мамандығы бойынша еңбек етуге баулиды.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!