Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің басшысы Мәдина Әбілқасымова шетелдік банктердің елге келуі жөнінде пікірін айтты, деп хабарлайды  Qaz365.kz. Журналистер одан «шет елдерден банктер кірсе, біздің банктер банкротқа ұшырамай ма?» деп сұраған.

«Бұл жерде ең алдымен базалық мөлшерлеме туралы сөз қозғау керек. Ол – ақша нарығындағы ақшаның қанша тұратынын білдіреді. Яғни базалық мөлшерлемеге байланысты депозит пен несиенің қанша пайызда болатынын анық көрсетіледі. Қазір оның мөлшері 16,5 пайыз. Депозит бойынша кірістілікті арттыру үшін салған сомаңызға 16-17 пайыз қосқанымен, несие бойынша да пайызды банктер көтереді. Жеке және заңды тұлғаларға да қатысты», – деді Мәдина Әбілқасымова.


Оның айтуынша, ипотека бойынша нарықта отандық банк бар. Оған мемлекеттік бағдарлама бойынша бюджеттен қаражат бөлінеді. 


«Тіпті жаңа банк келсе де базалық мөлшерлемеге қарайды. Егер шетелдік банк келіп, басқа мөлшерлеме бойынша ақша береді деп сенуге болмайды», – деді ол.

Еске сала кетсек, Қазақстан халқына жолдауында бүгін президент шетелден үш банк келетінін айтқан еді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!